Контентке өту

«Алаңсыз күліп отыр»: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты соттан видео тарады

«Алаңсыз күліп отыр»: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты соттан видео тарады
ашық дерек

Атырауда бір отбасының қазасына қатысты резонанстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысында прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевтің отбасы мүшелерін қалай өлтіргенін баяндады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Айыптау тарабының мәліметінше, күдікті жәбірленушілерге бірнеше рет пышақ жарақатын салып, кейін қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасаған. Тергеу нұсқасында мәйіттерді көміп, үстін жауып қойғаны да айтылды.

Осы іс бойынша сот залынан түсірілген видео әлеуметтік желіде кең тарады. Кадрларда сотталушының өзін еркін ұстап, алаңсыз күліп отырғаны байқалады. Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшіліктің ашуын туғызды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода кейбір қолданушылар күдіктінің әрекетін сынға алып, оның соттағы мінез-құлқына қатысты пікір білдіріп жатыр.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасуда. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот шығарады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты