Контентке өту

Әли Оқапов тегін не себепті үш рет өзгерткенін айтты

Әли Оқапов тегін не себепті үш рет өзгерткенін айтты
ашық дерек

Әнші Әли Оқапов Taboo бағдарламасында тегін бірнеше рет өзгертуінің себебін алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесінің сөзінше, әкесі Тасқын Оқапов қайтыс болғаннан кейін олардың отбасына қауіп төнген. Осы жағдайға байланысты анасы Роза Рымбаева екі баласының тегін уақытша өзгерту туралы шешім қабылдаған.

Әлидің айтуынша, сол кезеңде өзі мен інісінің тегі «Рымбаев» болып өзгертілген. Бұл қадам отбасының қауіпсіздігі үшін жасалған.

Кейін жағдай тұрақталған соң әнші өз тегін қайтадан Оқапов деп өзгерткенін айтты. Ал оның інісі бұрынғы тегін өзгертпей, Рымбаев болып қалуды жөн көрген.

Бағдарлама барысында Әли Оқапов бұл шешімдердің отбасы үшін оңай болмағанын да атап өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты