Контентке өту

Алматы жұрты жазушы Мұхтар Шахановпен қоштасып жатыр

Алматы жұрты жазушы Мұхтар Шахановпен қоштасып жатыр
ашық дерек

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қаралы жиынға еліміздің белгілі ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері жиналған. Сонымен қатар, көрші елдерден де арнайы келген қаламгерлер бар. Театр іші халыққа лық толы - ақынмен қоштасуға келген жұрттың қарасы қалың. Залда қаралы музыка ойнап, жиналған қауым марқұмға құрмет көрсетуде.

Соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне ақынның үзеңгілес серіктері, әріптестері мен шәкірттері қатысуда. Қаралы жиында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген де келіп, ақын рухына тағзым етті.

Еске сала кетейік, 19 сәуір күні Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол қазақ әдебиетінде ғана емес, ұлттық руханиятта ерекше орны бар ірі тұлға ретінде тарихта қалды.

Ақын өз шығармаларында қоғамдағы өзекті мәселелерді батыл көтеріп, әсіресе Желтоқсан оқиғасы шындығын ашық жазған қаламгер болды. Оның поэзиясы азаматтық үнмен, терең оймен және ұлттық мүддемен астасып жатты.

Мұхтар Шаханов – қазақ әдебиетінде шоқтығы биік туындылар қалдырған, поэзия мен қоғамдық көзқарасты ұштастыра білген біртуар тұлға. Оның есімі мен еңбегі халық жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты