Контентке өту

Алматыда балаларды оңалту орталығының қызметкері қамауға алынды

Алматыда балаларды оңалту орталығының қызметкері қамауға алынды
ашық дерек
Алматыда балаларды оңалту орталығының қызметкері қамауға алынды. Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы Алмалы аудандық Полиция басқармасы оңалту орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп, куәлар мен іске қатысы бар басқа да тұлғалардан жауап алынуда.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған іс департамент басшылығының ерекше бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балаларды оңалту орталығында мамандардың тәрбиеленушіге қорлық көрсеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты