Контентке өту

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театры енді Асанәлі Әшімовтің атымен аталады

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театры енді Асанәлі Әшімовтің атымен аталады
ашық дерек

Асанәлі Әшімов есімі Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына берілді. Енді мәдени мекеме ресми түрде халық әртісінің атымен аталатын болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл шешім қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкіліне көрсетілген құрмет ретінде қабылданды. Сонымен қатар, актердің бай шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа насихаттауға бағытталған маңызды қадам саналады.

Театр ұжымы алдағы уақытта дәстүр мен заманауи бағыттарды ұштастырып, көрерменге мазмұнды әрі сапалы қойылымдар ұсынуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 1937 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол шығармашылық жолын М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында бастаған. Өнер иесі актер ғана емес, режиссер, сценарист әрі ұстаз ретінде де халық жадында қалды.

Сонымен қатар, ол Атаманның ақыры, Транссібір экспресі фильмдеріндегі рөлдері арқылы қазақ киносының алтын қорына енді.

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі атанған өнер майталманы 2025 жылдың 21 желтоқсанында 88 жасында дүниеден өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты