Әнші Мөлдір Әуелбекова шетелден оралған сапарында жоғалып кеткен жүгінің табылғанын айтып, қуанышты жаңалығын бөліст, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі бұған дейін екі үлкен чемоданы жоғалып кеткенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жүктің ішінде шамамен 10 миллион теңгеге бағаланатын жеке заттары болған. Атап айтқанда, бренд сөмкелер, аяқкиімдер мен бағалы әшекей бұйымдар жоғалғандардың қатарында болған.
Алайда араға екі күн салып жағымды жаңалық жетті. Әншінің айтуынша, жоғалған чемодандар Бангкок қаласынан табылып, Алматы қаласына жеткізілген. Ең бастысы – жүктің ішіндегі барлық заттар сол күйінде, түгел сақталған.
«Қуанып отырмын! Чемодандарым табылды. Ашып қарасам, бірде-бір зат жоғалмаған. Барлығы орнында», – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қуанышымен бөліскен өнер иесі кейбір заттарын мұқтаж жандарға таратып, шүкіршілік білдірген. Осылайша, әншіні алаңдатқан жағдай сәтті аяқталды.