Контентке өту

«Ақбаянды өз қызымдай көрдім»: Сотта Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы жауап берді

«Ақбаянды өз қызымдай көрдім»: Сотта Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы жауап берді
ашық дерек

Атыраудағы қайғылы оқиғаға қатысты өтіп жатқан сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы Гүлнар Азмұхановадан жауап алынды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сот барысында ол ұлының бұрынғы жары Ақбаянмен арадағы қарым-қатынасы туралы айтып, келінін өз қызындай көргенін жеткізді. Оның сөзінше, Ақбаян отбасының толыққанды мүшесі болған.

«Ақбаян ауырғанда өзім қарадым. Памперсіне дейін ауыстырдым. Мен мұны міндет қылып айтып отырған жоқпын. Ол менің қызымдай болды. Маған қарсы келген адам емес», – деді Гүлнар Азмұханова.

Сондай-ақ куәгер екі жастың отбасын сақтап қалуға тырысқанын айтып, олардың арақатынасына алғаш болып Ақбаянның әкесі араласқанын мәлімдеді.

«Маған қатты ауыр тигені – әкесі үйге келіп, "Ақбаян мұнда тұрмайды" деп алып кетті. Сұлтан оны қасынан тастамады. Бөлек шығамын деді, біз бөлек шығардық», – деді айыпталушының анасы.

Оның айтуынша, отбасы жас жұбайларға қолдау көрсетуге тырысқан және олардың бөлек тұру туралы шешіміне де қарсы болмаған.

Айта кетейік, Атыраудағы резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Отырыстар барысында куәгерлер мен тараптардың жақындары жауап беріп, оқиғаға қатысты өз нұсқаларын баяндауда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты