Контентке өту

Ақтөбеде 24 сағат бойы жыр айтқан жыршылар әлемдік рекорд орнатты

Ақтөбеде 24 сағат бойы жыр айтқан жыршылар әлемдік рекорд орнатты
ашық дерек

Ақтөбе қаласында бір тәулік бойы тоқтаусыз қисса, терме және батырлар дастанын жырлаған өнерпаздар әлемдік рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл ауқымды шараға “Ер Едіге” жыр мектебінің шәкірттерінен құралған 36 жыршы қатысты. Тәуелсіз сарапшылар олардың өнерін жоғары бағалап, үздік деп таныған.

Ұлттық өнердің жаңғыруы

Шараның басты мақсаты – ұмыт бола бастаған қазақ фольклорын қайта жаңғыртып, оны халықаралық деңгейде насихаттау. Қатысушылар көне жыраулық дәстүрді жаңғыртып, көпшілікке ұлттық мұраның құндылығын көрсетті.

Қоғам белсендісі Естай Жайлыбай бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып өтті:
– Жыраулардың мұндай өнері – ата-бабамыздан қалған асыл дәстүр. Бұрын жыраулар ел аралап, бірнеше күн бойы жыр айтқан. Бүгінде Ақтөбе облысында осы дәстүр қайта жанданып келеді.

24 сағат үздіксіз жыр

Жоба шарты бойынша жыр бір сәтке де тоқтамауы тиіс болған. 36 жыршы кезекпен сахнаға шығып, “Қырымның қырық батыры” эпосын, “Пайғамбарлар қиссасын”, сондай-ақ түрлі батырлар жырлары мен термелерді орындаған.

Жыршылардың әрқайсысы кемінде 20-40 минут өнер көрсетсе, кейбірі 2-4 сағатқа дейін үздіксіз жырлаған.

Жыршы Әділбек Сарин:
– Бұл бастама ел ішінде жалғасатын жақсы үрдіске айналса дейміз. Әр жыршы өз шеберлігін көрсетіп, халыққа рухани азық сыйлады, – деді.

Халықаралық деңгейдегі баға

Бұл ерекше жобаны Азия және Африка аймақтары бойынша GBR әлемдік рекордтар кітабының сарапшылары бақылап, қорытындысын шығарған. Мамандар жыршылардың өнеріне жоғары баға беріп, ресми түрде рекорд ретінде тіркеген.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты