Ресми ақпаратқа сәйкес, басқарма жетекшісі мен орынбасары лауазымдарын өз еркімен тапсыру туралы шешім қабылдаған.
– Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен қызметінен босатылды, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта олардың орнына кім тағайындалатыны туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.