Контентке өту

Астана маңында пакетке салынған нәресте табылды

Астана маңында пакетке салынған нәресте табылды
ашық дерек

Ақмола облысында адам шошырлық оқиға тіркелді. Қосшы қаласында жол жиегіндегі жеке секторлардың бірінен пакетке салынған жаңа туған нәресте табылған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, нәрестенің жасы шамамен 6–7 айлық болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оның өлі туғаны немесе дүниеге келгеннен кейін шетінеп кеткені анықталуда.

Аталған дерек әлеуметтік желілерде таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқиға орнында тиісті қызмет өкілдері жұмыс жүргізіп, барлық мән-жайлар тексерілуде.

Ақмола облысының полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдары нәрестенің анасы мен оқиғаның нақты себептерін анықтауға кіріскен.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің өзектілігін көрсетеді. Сондықтан тиісті органдар тарапынан жан-жақты тексеріс жүргізіліп, заң аясында тиісті шешім қабылданатын болады.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы алдағы уақытта белгілі болады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты