Контентке өту

Атырауда бүтін бір отбасыны өлтірді деген күдікті сотта қылмысты қалай жасағанын айтты

Атырауда бүтін бір отбасыны өлтірді деген күдікті сотта қылмысты қалай жасағанын айтты
ашық дерек

Сұлтан Сарсемалиев қатысты сот процесі басталды. Іс барысында прокурор күдіктінің отбасы мүшелерін аса қатыгездікпен өлтіріп, кейін қылмыстың ізін жасыруға әрекеттенгенін мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Прокурордың айтуынша, айыпталушы қора ішінен тереңдігі шамамен 1 метр 30 сантиметр болатын шұңқыр қазып, мәйіттерді сонда көмген. Кейін үстін линолеуммен жауып, қылмысын жасыруға тырысқан.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Наурыз Мұқанғалиев қаза тапқаннан кейін күдікті түнде ауладан күрек алып шығып, қоршаудың оңтүстік-батыс бөлігінен тағы шұңқыр қазған. Айыптау актісінде оның түнгі сағат үштер шамасында тереңдігі бір метрден асатын, ені шамамен 80 сантиметр болатын ор қазғаны айтылды.

Сот материалдарына сүйенсек, кейін күдікті марқұмның қалтасын тексеріп, жеке куәлік, «Қазпошта» банк картасы, шамамен 50 мың теңге тұратын Samsung A21 телефоны мен 3 мың теңге қолма-қол ақшаны алып кеткен. Артынша мәйітті кілемге орап, алдын ала дайындалған шұңқырға көмген.

Прокурордың сөзінше, Қарабалин қораға кірген сәтте Сарсемалиев оның арқа, кеуде және қол тұстарына бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Айыптау тарабы күдіктінің ет шабуға арналған пышақты пайдаланғанын айтты. Тергеу дерегіне сәйкес, Нәсіп Өтешқалиева да дәл осындай тәсілмен өлтірілген.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр. Іс бойынша барлық мән-жай сот барысында анықталады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты