Контентке өту

Атырауда мұғалім әйелдің қазасына күдікті ретінде күйеуі ұсталды

Атырауда мұғалім әйелдің қазасына күдікті ретінде күйеуі ұсталды
ашық дерек

Атырау қаласында мұғалім болып жұмыс істеген 58 жастағы әйелдің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға 16 наурызға қараған түні болған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында болған жанжал қайғылы жағдайға ұласқан. Оқиға салдарынан әйел адам көз жұмған.

Полиция қызметкерлері қылмысқа күдікті ретінде марқұмның 62 жастағы күйеуін ұстады. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Белгілі болғандай, көз жұмған әйел Атырау қаласындағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол білім беру саласында ұзақ жыл қызмет етіп, белгілі бір кезеңде мектеп директорының орынбасары қызметін де атқарған.

Тергеу жалғасып жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтауда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты