Контентке өту

«Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды

«Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды

1-9 мамыр аралығында Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ел біріншілігінің дүбірлі додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 19 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың топтық кезеңінде жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсеткен Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы жартылай финалда Алматы облысының құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.

Ал шешуші кездесуде жамбылдық көкпаршылар Шымкент қаласының командасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстан Республикасының 16 дүркін чемпионы атанып, ел спорты тарихындағы жарқын жеңістерінің бірін тіркеді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты