Контентке өту

Ауылды кешенді дамыту: Үкіметте «Ауыл аманаты» жобасын жетілдіру мәселесі талқыланды

Ауылды кешенді дамыту: Үкіметте «Ауыл аманаты» жобасын жетілдіру мәселесі талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктердің, облыс әкімдіктерінің және Amanat партиясының қатысуымен өңірлік даму жөніндегі жобалық кесңе отырысын өткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қатысушылар «Ауыл аманаты» жобасын жетілдіру бағытында қабылданып жатқан шараларды талқылады. Атап айтқанда, ауылдық округтерді дамыту үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) әлеуетін пайдалану, «Агробизнес инфрақұрылымы» бағытын Өңірлік стандарттар жүйесіне енгізу, сондай-ақ ауыл кәсіпкерлігінің инфрақұрылымын қаржыландыруға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының қаражатын тарту мәселелері қаралды.

Кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда кепілдік беру үшін «Даму» қорының тетігі енгізілуде. Сонымен қатар ауылдық елді мекендер үшін микрокредиттеу және лизинг қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Ауыл тұрғындарының микрокредит алу үдерісін барынша цифрлық тұрғыда сүйемелдеу мақсатында amanatnesie.kz ақпараттық жүйесінің жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды.

Өңірлер әкімдіктері тарапынан ауыл тұрғындарын «Ауыл аманаты» жобасына кеңінен тарту бойынша ұсыныстар тыңдалды. Мәселен, туризмді дамыту үшін кооперациялар құру мүмкіндігін беру ұсынылды. Барлық ұсыныстар ескеріліп, хаттамаға енгізілді.

Сондай-ақ аграрлық құзыреттерді оқыту тетіктерін әзірлеу, ӘКК-ге рұқсат беру функцияларын беру (несиелеу қызметін жүзеге асыру үшін ЭҚЖЖ беру), сондай-ақ жобаны жүзеге асыру барысында туындайтын құқықтық мәселелерді реттеу бағытында дебюрократияландыру шаралары белгіленді.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы, қаржы, ұлттық экономика министрліктерінің, Amanat партиясының, мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің қатысуымен жұмыс тобы құрылады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты