Оның айтуынша, Солтүстік Торғай шөгінді алабы перспективалы аумақ саналады. Мұнда алдымен сейсмикалық барлау жүргізіліп, мұнай жиналуы мүмкін геологиялық құрылымдар анықталады. Жоспарланған барлау жұмыстары шамамен үш жылға созылмақ.
Сондай-ақ брифингте Қазақстанның пайдалы қазбалар қоры туралы мәлімет берілді. Мемлекеттік тізілім бойынша елде 4 млрд тоннадан астам мұнай қоры бар, қазіргі өндіріс қарқынымен ол шамамен 50 жылға жетеді. Ал алтын қоры 2,3 мың тонна шамасында бағаланып, бүгінгі өндіру деңгейімен шамамен 37 жылға жеткілікті.
Қанат Ерубаев геологиялық барлау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтіп, жаңа кен орындарын анықтау арқылы қор көлемін ұлғайту мүмкіндігі бар екенін айтты.