Контентке өту

Азат Перуашев: «Штрафстан» деген сөзді қолдануым қателік болды

Азат Перуашев: «Штрафстан» деген сөзді қолдануым қателік болды
ашық дерек

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанды «Штрафстан» деп атауы қателік болғанын тағы да мойындады. Бұл туралы ол 3 маусым күні журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Депутаттың сөзінше, парламент мүшелері қоғам алдында мәдениетті әрі жауапкершілікпен сөйлеуі тиіс.

«Бұл сөздің дұрыс емес екенін мойындадым. Мұндай мәселелерді талқылағанда барынша нақты әрі мәдениетті түрде пікір білдіру қажет», – деді ол.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусым күні Алатау қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстанды «Штрафстан» немесе «Айыппұлстан» деп атайтындарды сынға алған болатын. Мемлекет басшысы мұндай пікірлерді елдегі заңдылық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған шараларды кемсіту әрекеті ретінде бағалады.

Азат Перуашев бұл тіркесті алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға қатысты талқылау барысында қолданған. Кейін Президенттің сынынан соң депутат өзінің бұл сөзді орынсыз пайдаланғанын айтып, өкініш білдірген еді.

Соңғы жылдары елде айыппұлдардың көбеюіне байланысты «Штрафстан» термині әлеуметтік желілерде және қоғамдық пікірталастарда жиі қолданылып келген.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты