Контентке өту

Баян Алагөзова 1 миллион теңгелік байқау жариялады: жеңімпаз KeshYOU-мен бірге сахнаға шығуы мүмкін

Баян Алагөзова 1 миллион теңгелік байқау жариялады: жеңімпаз KeshYOU-мен бірге сахнаға шығуы мүмкін
ашық дерек

Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған шығармашылық байқау жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Продюсердің айтуынша, «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты байқауға қатысу үшін арнайы әнге ерекше би қойып, оны әлеуметтік желіге жүктеу қажет. Қатысушылар видеоны жариялап, продюсердің парақшасын белгілеуі тиіс.

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты байқауымды өздеріңіздің ерекше билеріңізбен қолдаңыздар. Осы әнге би түсіріп, менің парақшамды белгілеңіздер. Жеңімпазға 1 000 000 теңге сыйлық беріледі», – деді ол.

Сондай-ақ Баян Алагөзова байқаудың мерзімі тағы бір аптаға ұзартылғанын атап өтті. Бұл шешім қатысушыларға өз жұмыстарын жетілдіріп, жаңа үміткерлерге мүмкіндік беру мақсатында қабылданған.

Бұдан бөлек, продюсер үздік қатысушыларға ерекше мүмкіндік қарастырылғанын жеткізді. Оның сөзінше, ең креативті жұмыс иесі KeshYou тобының 20 жылдық мерейтойлық концертінде бірге өнер көрсетуі мүмкін.

Айта кетейік, бұл бастама қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы үн көтеруді мақсат етеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты