Контентке өту

Баян Алагөзова америкалық блогерді қазақы дәстүрмен қарсы алды

Баян Алагөзова америкалық блогерді қазақы дәстүрмен қарсы алды
ашық дерек

Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова өз үйінде америкалық тревел-блогер Коннорды, яғни Camperghini лақап атымен танымал саяхатшыны ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі әсерлі кездесудің видеосын өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Жазбасында ол:
«Бүгін танымал тревел-блогерді қарсы алдық. Оған ұнады деп үміттенемін. Өзі қонаққа келуге ниет білдірді. Біздің үй қаланың бір көрікті жеріне айналған сияқты. Пікірін күтеміз», – деп жазды.

Қонақты қазақтың кең пейілді дәстүріне сай сән-салтанаты жарасқан киіз үйде қарсы алған. Ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Әсем ұлттық киім киген қыздар би билеп, ерекше атмосфера сыйлады. Тіпті Баян Алагөзованың анасы да камзол мен дәстүрлі көйлек киіп, қонақ күтудің көркін қыздырды.

Қазақы салт бойынша құрметті мейманға шапан жабылып, сый-сияпат көрсетілді. Баян Алагөзова шетелдік қонаққа қазақ халқының дәстүрлері туралы ағылшын тілінде әңгімелеп, өз білімін де көрсетті.

Желі қолданушылары бұл көрініске сүйсініп, жылы пікірлерін жарыса жазуда:
«Керемет әйел! Ұлтымыздың мақтанышы», «Қазақтың қонақжайлығы көрініп тұр», «Осындай деңгейде танытып жүргеніңізге рақмет» – деп жазды олар.

Айта кетейік, Camperghini – Lamborghini Urus көлігімен әлемді аралап жүрген танымал саяхатшы. Ол барған елдері туралы әлеуметтік желіде бөлісіп, саяхатшыларға пайдалы кеңестер береді.

Бұған дейін Баян Алагөзова күйеуінің биін дәл қайталаған адамға 500 мың теңге сыйақы беруге дайын екенін мәлімдеген еді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты