Контентке өту

Баян Алагөзова: «Бағым үшін бұл ұмытылмайтын сатқындық болды»

Баян Алагөзова: «Бағым үшін бұл ұмытылмайтын сатқындық болды»
ашық дерек

Продюсер Баян Алагөзова алғаш рет әпкесі Бағым Мақсатқызы мен бұрынғы KeshYou әншісі Мөлдір Әуелбекова арасындағы көптен бері айтылып жүрген жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Баян Алагөзованың айтуынша, бұл оқиға арада жылдар өтсе де Бағым Мақсатқызы үшін ауыр естелік болып қалған. Продюсер тікелей есім атамағанымен, бұған дейін жанжалдың Мөлдір Әуелбековамен байланысты екенін меңзеген болатын.

Айтуынша, Бағым Мақсатқызы әншіні өзіне жақын адам әрі шәкірті ретінде қабылдаған. Сондықтан болған жағдайды ол ауыр сатқындық ретінде қабылдаған.

Еске салсақ, Бағым Мақсатқызы 2017 жылғы сұхбатында бұл оқиға өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі болғанын айтқан еді. Оның сөзінше, сол жағдайдан кейін ол жолдасымен төрт жыл бөлек тұрған.

💬 «Бұл кешірілмейтін, адамшылыққа жат әрекет болды. Қазір отбасымызда бәрі жақсы, бірақ кейбір дүниелерді ұмыту мүмкін емес. Мен Құдай емеспін, бәрін кешіре алмаймын», – деген еді Бағым Мақсатқызы.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты