Танымал продюсер Баян Алагөзова «КешYOU» тобының 20 жылдығына орай берген үшінші сұхбатында көп шындықты ашық айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы сұхбатқа қатысты пікір білдіріп, ешкімді аямағанын жеткізді.
«Ешкімді аямай, бар шындықты тура айтқан сұхбат болды.
Ал өзі су ішіп жүрген құдыққа түкірген адамның ісі әрдайым өзіне жақсылық болып қайтпайды ғой», – деп жазды Баян Алагөзова.
Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер мен Мөлдір Әуелбекова арасында дау туындаған болатын. Әнші 29 мамырға жоспарланған КешYOU концертіне қатыспайтынын айтып, бұл шешімді өзі қабылдағанын мәлімдеген еді.
Ал Баян Алагөзова бұрынғы шәкіртінің әрекетін «өзіне және атқарылған еңбекке түкіру» деп бағалаған.