Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ киносының аңызға айналған туындысы – Қыз Жібек фильміне қатысты тың мәлімдеме жасап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Продюсер бұған дейін фильмде актриса Меруерт Өтекешова киген алқызыл камзолдың қазір өз үйінде сақтаулы екенін айтқан еді. Бұл жаңалық желіде қызу талқыланған болатын.
Ал бүгін Баян Алагөзова актрисаны ерекше құрметтейтінін айтып, оған тұрақты түрде қаржылай қолдау көрсететінін жеткізді. Продюсердің сөзінше, ол Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 миллион теңге төлеп тұрады.
Бұл мәлімдеме де әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі продюсердің өнер адамдарына деген құрметіне ризашылығын білдірсе, енді бірі мұндай көмекті жария түрде айтудың қажеті жоқ екенін жазған.
Қалай болғанда да, Баян Алагөзованың бұл әрекеті қазақ киносының майталмандарына деген құрметтің көрінісі ретінде бағаланып жатыр.