Танымал продюсер Баян Алагөзова аңызға айналған “Қыз Жібек” фильмінің жұлдызы Меруерт Өтекешовамен кездесіп, ерекше сый жасады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Ол актрисаға фильмде киген тарихи қамзолды табыстады.
Кездесу барысында Баян Алагөзова актрисаның сұхбаттарын көріп жүргенін айтып, оған пәтер сыйлауға ниетті екенін жеткізді.
“Сіз ең жақсы жағдайда тұруыңыз керек. Мен сіздің интервьюларыңызды көріп жүрмін. Мен сізге пәтер сыйлағым келеді. Ең мықты жерден, сіз қалаған жерден. Екі айдың ішінде, сөз беремін, жақсы жерде тұрасыз. Сіз соған лайықсыз”, — деді продюсер.
Бұл әсерлі сәт желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады. Көпшілік Баян Алагөзованың бұл қадамын кеңінен талқылап, актрисаға қолдау білдіруде.