Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Ол өнер иелері Майра Ілиясова мен Майра Мұхамедқызымен бірге түскен суретін жариялап, әзіл-шыны аралас тілегін бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Продюсер екі Халық әртісінің ортасында тұрып тілек тілегенін айтып, енді ұл сүйгісі келетінін меңзеді. Жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оған ақ тілегін жаудырды.
Суреттен өнер адамдарының көп жылдан бергі сыйластығы мен достығы анық байқалады. Әсіресе, Майра Мұхамедқызының «Ескі достар мен ескі кітаптардан асқан не бар?» деген пікірі оқырмандардың көңілінен шықты.
Желі қолданушылары продюсердің жазбасын жылы қабылдап, «Арманыңыз орындалсын», «Тілегіңіз қабыл болсын» деген сынды пікірлер қалдырған.