Танымал продюсер Баян Алагөзова кейбір қазақ әйелдерінің әрекетін сынап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Ол “Замандас” YouTube арнасына берген сұхбатында үнемі шағымданып, өзіне аяушылық күтетін жандарға қатысты ойын ашық айтты. Продюсер мұндай адамдарды “ментальная бабушка” деп атайтынын жеткізді.
«Ах, шаршадым, басым ауырып жатыр. Әй, шай алып келіңдер! Ойбай жүрегім! Ой, жатайыншы… Осындай адамдарды “ментальная бабушка” дейді. Я не хочу быть ментальной бабушкой. Расында ондай әжелердің еш жері ауырмауы да мүмкін. Олар сана жағынан қартайған, оларға бұл өмір қызық емес», — деді Баян Алагөзова.
Продюсердің айтуынша, бүгінде айналасынан көңіл мен аяушылық күтетін апа-әжелер көп кездеседі.
«Оларға біреудің көңіл аударуы жетіспейді. Немерелерінің “әже, сізге не болды?” деп аяушылық танытқаны керек. Ондай адамдардың көңілі қартайып кеткен. Маған сондай адамдар ұнамайды. Мен ондай болғым келмейді», — деді ол.
Баян Алагөзованың бұл пікірі желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырды. Кейбірі продюсерді сынап:
«Қартайғанда көрерсің» десе, енді бірі:
«Дұрыс айтады, адамдарға көңіл жетіспейді»,
«Осындай өткір ойларыңыз ұнайды» деген пікірлер қалдырған.