Контентке өту

Баян Мақсатқызының әрекеті елді елжіретті: желідегі видео қызу талқыланды

Баян Мақсатқызының әрекеті елді елжіретті: желідегі видео қызу талқыланды
ашық дерек

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қатысқан видео әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Кадрларды кәсіпкер Бейбіт Әлібеков өз үйінде өткен түсірілім барысында бөліскен, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Видеода Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзовтің бірінші некесінен туған ұлы Арсенмен ерекше ықыласпен амандасқаны көрінеді. Ол жас жігітті жылы қарсы алып, бетінен сүйіп, хал-жағдайын сұраған.

«Ой, Арсен, сәлем! Қалың қалай? Қатты арықтап қалыпсың ғой», — деген сөзі желі қолданушыларының назарын бірден аударды.

Бұл әсерлі сәт көпшілікке ерекше эмоция сыйлады. Әлеуметтік желіде пікір қалдырғандар продюсердің шынайылығы мен кең жүрегіне тәнті болғандарын жасырмады. «Жылап алдым», «Қарым-қатынасы өте жылы», «Реніш жоқ, бәрі шынайы» деген пікірлер жиі жазылды.

Кейбір қолданушылар мұндай сыйластық пен түсіністік кез келген отбасыда кездесе бермейтінін атап өтіп, Баян Мақсатқызының бұл әрекетін үлгі ретінде бағалады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты