Контентке өту

«Бәйтерек» маңында тренд видео түсірген блогерге айыппұл салынды

«Бәйтерек» маңында тренд видео түсірген блогерге айыппұл салынды
ашық дерек

Астанадағы «Бәйтерек» монументінің маңында әлеуметтік желіге арнап тренд видео түсірген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сот мәліметінше, оқиға 27 сәуірге қараған түні Нұржол бульварында болған. Бойжеткен Instagram желісіне арналған бейнеролик түсіру кезінде әсерлі кадр жасау мақсатында шампанды жерге шашқан. Кейін бейнежазба әлеуметтік желіге жарияланып, әкімшілік іс бойынша дәлел ретінде қаралған.

Сот отырысында блогер өз кінәсін толық мойындаған. Сондай-ақ түсірілім аяқталғаннан кейін қоқысты жинап кеткенін айтқан. Бұл жайттар жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.

Нәтижесінде сот оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салды. Ал қоғамдық жұмыстарға тарту жазасынан бойжеткеннің өзі бас тартқан.

Айта кетейік, бұған дейін де «Бәйтерек» монументі маңында түсірілген әдепсіз фото әлеуметтік желіде таралып, студент бес тәулікке қамауға алынған еді. Қоғамдық орындарда түсірілген мұндай контентке қатысты жауапкершілік мәселесі соңғы уақытта жиі көтеріліп жүр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты