Контентке өту

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
ашық дерек

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Байзақ ауданының орталығындағы Демалыс саябағында «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты салтанатты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Елдік рухты асқақтатып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруды мақсат еткен шараға аудан тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталып, қатысушылар еліміздің басты нышандарына тағзым етті.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен бірлігінің белгісі екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздер халқымыздың тарихын, ұлттық құндылықтарын және егемен ел ретінде қол жеткізген жетістіктерін айшықтайтын қасиетті нышандар екеніне тоқталды.

Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Патриоттық әндер шырқалып, Отанға деген сүйіспеншілік пен елге деген құрметті дәріптейтін шығармалар көрермен назарына ұсынылды.

Тағылымды шара тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мемлекеттік рәміздердің маңызын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Осылайша Байзақ ауданында Мемлекеттік рәміздер күні жоғары деңгейде аталып өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты