Контентке өту

«Бар мүлкін сатуға мәжбүр болған»: Белсенді Меруерт Өтекешова туралы жазды

«Бар мүлкін сатуға мәжбүр болған»: Белсенді Меруерт Өтекешова туралы жазды
ашық дерек

Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешова туралы қоғам белсендісі Жолымбек Мәкіш әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Белсендінің айтуынша, танымал актриса қызының емі үшін бар мүлкін сатып, қазіргі таңда Астана қаласында жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

Жолымбек Мәкіш өз жазбасында актрисаның өмірінде болған ауыр сынақтарға тоқталып, оның төзімі мен сабырын ерекше атап өткен. Оның сөзінше, жақындарынан айырылу мен қызының денсаулығына байланысты қиындықтарға қарамастан, өнер иесі бар ауыртпалықты үнсіз көтеріп келеді.

Сондай-ақ ол 75 жасындағы халық әртісінің баспанасын сатып, жалдамалы үйде тұруға мәжбүр болуы қоғамды ойландыруы тиіс екенін жеткізді. Соған қарамастан, актрисаның әлі күнге дейін өнерден қол үзбей, еңбек етіп жүргенін атап өтті.

Әлеуметтік желі қолданушылары Меруерт Өтекешоваға қолдау білдіріп, оның тағдырына бейжай қарамау керектігін жазуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты