«Жастарды діни терминдерді қазақша айтуға шақырамын. Өкініштісі, соңғы кезде кейбір жастар ауызашарды ифтар, сәресін сухур деп айтуда. Бұл көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырлар бойы мұсылман жолын ұстанған ата-бабамыз «ауызашар», «сәресі» деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден аулақ болып, қазақ тілін қолдансақ, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфти сонымен қатар мұсылман қауымын Рамазан айында сауап жинауға, жақсылық жасауға шақырып, әрбір өнегелі іс сауапты болатынын атап өтті. Мысалы, саудагерлер азық-түлік бағасын төмендетіп, арақ-шарап сатудан бас тартса, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетсе, бұл қоғамда қайырымдылық пен ізгілікті арттырады, – деді ол.