Контентке өту

"Басқа әйелмен жатқанын көрген": Ақбаянның ажырасу туралы шешімі сотта жария болды

"Басқа әйелмен жатқанын көрген": Ақбаянның ажырасу туралы шешімі сотта жария болды
ашық дерек

Атырауда бүтін бір отбасының қаза болуына қатысты резонанстық іс бойынша сот отырысында марқұмдардың туысы Әдемі Шылмағамбетова жауап берді. Оның айтуынша, Наурыз Мұқанғалиевке тиесілі малдың сатыла бастауы туыстарының күдігін туғызған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Куәгердің сөзінше, ол Наурыз Мұқанғалиевпен ұялы телефон арқылы байланыса алмаған. Оның телефоны өшірулі болғанымен, WhatsApp желісі арқылы хабарламалар келіп тұрған.

Әдемі Шылмағамбетованың айтуынша, өткен жылдың қараша айынан бастап Сұлтан Сәрсемәлиев өзін Наурыз ретінде таныстырып, туыстарына хат жазып отырған. Хабарламаларда Наурыздың анасы Нәсіп Өтешқалиеваның аяғы ауырып, ем алу үшін Ташкентке жеткізілгені айтылған. Сондай-ақ ем-дом шығындарын жабу мақсатында үйдегі малдың сатылып жатқаны түсіндірілген.

Сот барысында адвокаттардың сұрақтарына жауап берген куәгер Ақбаян Мұқанғалиеваның күйеуінен зорлық-зомбылық көргені туралы өзіне ешқашан айтпағанын жеткізді.

«Мен одан: "Ойланып көр, неге кетіп бара жатырсың, бесінші балаңа жүкті емессің бе?" деп сұрадым. Ол Сұлтанның басқа әйелмен төсекте жатқан суретін көргеннен кейін ажырасуға шешім қабылдағанын айтты», – деді Әдемі Шылмағамбетова.

Сонымен қатар ол айыпталушының Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі абайсызда болған деген уәжімен келіспейтінін мәлімдеді.

«Наурыз өзі жанжал шығаратын адам емес еді», – деді марқұмның туысы.

Сот отырысында Әдемі Шылмағамбетова айыпталушының алдын ала тыңдау кезінде айтқан сөздеріне де тоқталды. Бұған дейін Сұлтан Сәрсемәлиев қылмысқа Ақбаянның туыстары олардың отбасылық қарым-қатынасына араласқаны себеп болғанын алға тартқан еді.

«Бұл тұтас бір отбасын жоюға себеп бола ала ма?» – деді ол сот залында.

Еске сала кетейік, Атыраудағы бұл қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырған. Қазіргі уақытта іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Барлық мән-жайлар сот барысында анықталуда.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты