Контентке өту

“Бетперделер шешілсін”: блогер Жузефина мен әнші Qanay арасында дау шықты

“Бетперделер шешілсін”: блогер Жузефина мен әнші Qanay арасында дау шықты
ашық дерек

Қазақстандық блогер Жузефина (Жұлдыз Жауынбаева) әлеуметтік желідегі соңғы жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Ол әнші Qanay-ға қатысты пікір білдіріп, олардың арасында түсініспеушілік туындағанын ашық көрсетті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Блогер алдымен оқырмандарына әншімен жеке жазысқан хатының скриншотын жариялаған. Хабарламада Qanay:
“Жақсылық жасаудан жеңілесің ғой. Айтқаның келсін, сен Аллаға лайықты құл боп өл”, – деп жазғаны көрсетілген.

Бұл сөздерге жауап ретінде Жұлдыз Жауынбаева үнсіз қалмай, шындықты ашуға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, ол көп нәрсені ішіне сақтап келген.

“Бетперделер шешілсін. Сұхбатқа шақырыңдаршы, барлық шындықты айтайын. Бәрін ішімде сақтағаннан шаршадым. Бәрінің бетпердесін шетінен қолдарына шешіп берейін”, – деп жазды блогер.

Сонымен қатар, Жузефина әлеуметтік желіде «үлгілі отбасы» ретінде танылып жүрген кейбір жандарға да ишара жасады. Ол олардың шынайы өмірі көпшілік ойлағандай емес екенін айтып, қажет болса, барлығын жария етуі мүмкін екенін жеткізді.

“Желіде ‘Ойбай, отбасым’ деп беті жылтырағанның қаншамасы менің көз жасыма қалған. Үлгілі отбасы дейтіндердің біразының берекесінің б әріпін ұстап отырмын. Ашуым келсе, жая саламын. Құдай бар”, – деді ол.

Қазіргі таңда Qanay тарапынан бұл жағдайға қатысты ресми пікір берілген жоқ. Алайда желі қолданушылары екі тараптың да мәлімдемесін қызу талқылап жатыр.

Оқиғаның қалай өрбитіні әзірге белгісіз.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты