Контентке өту

Бибісара Асаубаева Norway Chess 2026 турнирінің жеңімпазы атанды

Бибісара Асаубаева Norway Chess 2026 турнирінің жеңімпазы атанды
ашық дерек

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess 2026 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, жарыстың чемпионы атанды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Турнирдің шешуші кезеңінде Асаубаева украиналық шахматшы Анна Музычукпен классикалық шахмат партиясында кездесіп, ойын тең нәтижемен аяқталды. Кейін өткен Армагеддон матчында Музычук жеңіске жеткенімен, қазақстандық спортшыға чемпиондық атақты иелену үшін қажетті ұпай жеткілікті болды.

Осылайша Бибісара Асаубаева жарыс аяқталмай тұрып-ақ турнирдің жалпы есебінде қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, Norway Chess 2026 турнирінің жеңімпазы атанды.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын иегері ретінде қазақстандық шахматшы 700 мың норвегиялық крон көлемінде сыйақы алады. Бұл шамамен 35,5 миллион теңгеге тең.

Бибісара Асаубаеваның бұл жетістігі Қазақстан шахматы үшін маңызды жеңістердің бірі саналады. Ол халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, әлемнің үздік шахматшылары қатысқан беделді турнирде жоғары нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Norway Chess әлемдегі ең беделді шахмат жарыстарының бірі болып саналады және оған халықаралық деңгейдегі мықты шахматшылар қатысады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты