Шараға 700-ден астам қала тұрғыны, соның ішінде "Ассамблея жастары", кәсіпорын қызметкерлері, мектеп оқушылары және спорт әуесқойлары қатысты.
Марафон жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды. Бұл шара тек спорттық іс-шара емес, этносаралық татулықты және қоғамдық бірлікті нығайтудың символына айналды. "Ассамблея жастары" мұндай бастамалар арқылы жастарды салауатты өмір салтына және бірлік рухына тәрбиелеуде.