Қазақстандық актер Рүстем Жаныаманов пен оның жұбайы, актриса Жанаргүл Жаныаманова тұңғыш ұлдарынан айырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Отбасының үлкен ұлы Нұрмұхамметтің өмірден өткені белгілі болды. Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, марқұмның жақындарына көңіл айтты.
Осыдан кейін желі қолданушылары мен өнерсүйер қауым актерлер отбасына қолдау білдіріп, қайғыларына ортақтасып жатыр.
Айта кетейік, Нұрмұхаммет бірнеше жылдан бері ауыр дертпен күресіп келген. Ата-анасы бұған дейін берген сұхбаттарында ұлдарының денсаулығы үшін бар күш-жігерін салып, түрлі ем қабылдағандарын айтқан болатын. Олар қиын кезеңдерді бастан өткеріп, баласының сауығып кетуінен үміт үзбеген еді.
Өкінішке қарай, ұзаққа созылған сырқаттан кейін Нұрмұхаммет өмірден өтті.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.