Осыған байланысты Ақмола, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына дайындық шараларын күшейту қажеттігі ескертілді.
Ал Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Павлодар, Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында тасқын қаупі орташа деңгейде деп бағаланды.
Мамандардың бағалауынша, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында су тасқыны қаупі төмен.
Тиісті қызметтерге гидротехникалық нысандарды бақылауды күшейтіп, алдын алу шараларын уақытылы жүргізу ұсынылады.