Қазақ эстрадасының танымал өкілі Серік Ибрагимов мен жары Айнамкөз Әбдімаева отбасылық қуаныштарымен бөлісті. Ерлі-зайыпты төртінші сәбилерін күтіп жүр, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Сүйінші жаңалықты Айнамкөз әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Олар арнайы гендер-пати ұйымдастырып, болашақ сәбидің жынысын анықтаған. Белгілі болғандай, өнер иесінің шаңырағында тағы бір ұл дүниеге келмек.
“Біз сені күтеміз, балапан”, – деп жазды болашақ ана.
Желі қолданушылары да бұл қуанышты жаңалыққа бейжай қарамай, жас отбасыға ақ тілектерін жаудырды. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі сәбидің аман-есен дүниеге келуін тілеп, анасына жеңіл босану тіледі.
“Аман-есен дүниеге келсін”, “Керемет жаңалық!”, “Ең сүйкімді гендер-пати”, “Дені сау болсын” деген жылы лебіздер желіде көптеп жазылуда.
Айта кетейік, Серік Ибрагимов отбасы көпбалалы әрі үлгілі жанұя ретінде көпшілікке жақсы таныс.