Контентке өту

Бойжеткен жедел жәрдем қызметкерін өзіне тиісуге әрекет жасады деп айыптады

Бойжеткен жедел жәрдем қызметкерін өзіне тиісуге әрекет жасады деп айыптады
ашық дерек

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем қызметкеріне қатысты даулы оқиға қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Threads платформасында жарияланған жазбада айтылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жазба авторының сөзінше, 2026 жылдың 14 мамырына қараған түні ол өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған. Шақыртуға 1992 жылы туған фельдшер келгені айтылған.

Бойжеткен медициналық тексеру барысында фельдшердің шектен шығып, өзіне тиісуге әрекет жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, “қарау жүргіземін” деген сылтаумен интимді жерлеріне қол тигізген.

Сонымен қатар, желі қолданушысы полиция шақыру үшін телефонын алған кезде, фельдшер оны тартып алып, пәтерден шығармай ұстап қалуға тырысқанын жеткізді. Айқайлағаннан кейін көршілері жиналып, көмекке келгенін жазған.

Жазба авторы қоғам назарын осы жағдайға аударуды сұрап, әлеуметтік желіде фельдшердің суреттерін де жариялаған.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ. Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұл жайттың жан-жақты әрі әділ тексерілуін талап етуде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты