Контентке өту

Жамбыл облысында жедел жәрдем қызметіне 60 жаңа санитарлық автокөлік алынды

Жамбыл облысында жедел жәрдем қызметіне 60 жаңа санитарлық автокөлік алынды

Жамбыл облысында жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың сегіз айында жедел жәрдем қызметіне 60 санитарлық автокөлік сатып алынды.

Жаңа көліктер жедел медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, шақыртуларға уақтылы жетуге және қызметтің материалдық базасын күшейтуге бағытталған.

Жедел жәрдем қызметін жаңарту облыстың денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағыттардың бірі болып отыр. Өйткені шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде медициналық бригаданың кәсіби дайындығымен қатар, көліктің техникалық жағдайы да маңызды.

Бұл бағыттағы жұмыстар медициналық көмекті тұрғындарға, соның ішінде ауылдық елді мекендерге барынша жақындатуға бағытталған шаралармен қатар жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыстың 10 ауданында 10 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Екінші тоқсанда жоспарланған 297 елді мекеннің 153-і осы кешендердің қызметімен қамтылды.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғасып келеді. Облыста медициналық жабдықтармен қамтылу деңгейі 92,7 пайызға жетті. Талас және Шу аудандарына екі ангиограф пен екі МРТ сатып алу жоспарланған.

Жедел жәрдем көліктерін жаңарту, медициналық жабдықтарды толықтыру және ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді кеңейту жұмыстарының барлығы бір мақсатқа – халыққа медициналық көмекті уақытылы әрі сапалы көрсетуге бағытталған.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты