Контентке өту

Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

Бүгін, 10 сәуірден бокстан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында үндістандық Сачин Сачинмен кездесті.

Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші үшминуттықта Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңді.

Ал шешуші раундта Оразбек Асылқұлов шабуылда белсенді болып, нәтижелі соққылар жасай білді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Осылайша Оразбек Асылқұлов ұлттық құрама қоржынына алтын медальді салды.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты