Танымал продюсер Баян Алагөзова әнші Жұлдыз Өмірғалинің Кешью құрамынан не себепті кеткенін алғаш рет ашық айтып берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Оның сөзінше, бұл шешімге әншінің Айқын Төлепбергенмен қарым-қатынасы әсер еткен.
«Жұлдыз Айқынға кетіп қалды деді қыздар. Мен “қалай кетіп қалды?” деп таң қалдым. Себебі оларда махаббат бар деді. Мен оның жеке өмірі бар екенін біле сала: “Жұлдыз, сен жақсы қызсың! Бірақ болды, бәрі бітті” дедім. Бірақ оның кеткісі келген жоқ. Айқын менен топта қалдыруымды өтінді. Мен келіспедім. Ең талантты қызды ауыстыру да қиын емес. Кешью – бұл жеке адамдар емес, жоба. Әр қыздың қазір өз жолы, өз наны бар. Шүкір, олар топтан кеткеннен кейін өздерін қалыптастырды», – деді продюсер.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар түрлі пікір білдірді. Бірі продюсердің шешімін қолдаса, енді бірі керісінше пікір білдірген.
«Баянның арқасында олар танымал болды», «Ең болмаса сыйластық болуы керек еді», «Танымалдық пен отбасыны қалай таңдауға болады?» деген секілді пікірлер жазылды.