Контентке өту

«Бұл дұрыс емес»: Шахановқа көше атауын беруге қарсылық күшейді

«Бұл дұрыс емес»: Шахановқа көше атауын беруге қарсылық күшейді
ашық дерек

Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына өзгерту туралы ұсыныс қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұған дейін белсенділер көшеге ақын есімін беру мақсатында петиция жариялаған. Қазіргі таңда оны 10 мыңға жуық адам қолдап үлгерген.

Алайда бұл бастамаға қарсы пікір білдірушілер де табылды. Желіде тараған видеолардың бірінде белгісіз ер адам бұл ұсынысты сынға алып, Розыбакиевтің Қазақстан үшін сіңірген еңбегін атап өткен. Оның айтуынша, көшені «Желтоқсан бүлікшілерін ақтаған адамның атына беру» дұрыс шешім емес.

Дегенмен, бұл пікір көпшілік тарапынан қолдау таба қоймағаны байқалады. Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі Мұхтар Шахановтың ел үшін атқарған еңбегін алға тартып, бастаманы қолдайтындарын жеткізуде.

Айта кетейік, көше атауын өзгерту мәселесі әрдайым қоғамда түрлі көзқарас туғызып, қызу пікірталасқа себеп болып келеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты