Контентке өту

«Бұл продюсерлік жоба болған»: Шерхан Пірназар Ақбота-Нұрға сөз салғанын еске алды

«Бұл продюсерлік жоба болған»: Шерхан Пірназар Ақбота-Нұрға сөз салғанын еске алды
ашық дерек

Танымал актер Шерхан Пірназар кезінде актриса Ақбота-Нұрға тікелей эфирде жасаған ұсынысы туралы айтып, көпшілікті таңғалдырған оқиғаның шынайы мәнін ашты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Актердің айтуынша, жұртшылық романтикалық қадам ретінде қабылдаған әрекет шын мәнінде телевизиялық жобаның бір бөлігі болған.

«Бұл продюсерлік жоба болды», – деді Шерхан Пірназар.

Оның сөзінше, сол кезеңде өзі отбасылы болған. Ал тікелей эфирдегі ұсыныс көрерменнің назарын аударып, бағдарламаның рейтингісін көтеру мақсатында ұйымдастырылған.

Осылайша көпшіліктің қызу талқысына түскен оқиғаның артында махаббат хикаясы емес, телевизиялық есеп жатқанын актер ашық мойындады.

Шерхан Пірназардың бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік шоу-бизнес пен телевидениеде рейтинг үшін түрлі сценарийлер қолданылатынын айтып жатса, енді бірі сол кездегі оқиғаға шын сенгендерін жазуда.

Актердің сөзінше, желіде немесе эфирде көрерменге ұсынылатын ақпараттың барлығы бірдей шынайы бола бермейді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты