Әнші Бүркіт пен Айша аналарын сауда орталығына апарып, ерекше көңіл күй сыйлады. Өнерлі жұп аналарына түрлі киімдер мен үйге қажетті заттар алып берген, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Видео желіде кең тарап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, енесіне ерекше қамқорлық танытып жүрген Айшаның әрекеті жұрттың көңілінен шыққан.
Желі қолданушылары әншінің кішіпейілдігі мен сыйластығына риза болып, пікірлерін жарыса жазуда.
«Осындай келін бұйырсын!», «Енесіне деген құрметі көрініп тұр», «Керемет отбасы» деген пікірлер көптеп қалдырылған.