Бір кезде әлеуметтік желіде белсенді болған Damelya Sweet соңғы уақытта көпшілік көзінен алыстап, Instagram парақшасын өшіріп кеткен еді. Неліктен мұндай шешім қабылдағанын блогер ашық түсіндірмеді.
Арада көп уақыт өтпей, Дамеляның ұзату тойынан кадрлар әлеуметтік желіге тарап, оның тұрмысқа шыққаны белгілі болды.
Желіде тараған ақпарат бойынша, блогердің жарының есімі — Мұрат. Оның шетелде білім алғаны және ауқатты кәсіпкердің ұлы екені туралы түрлі мәлімет тараған. Алайда бұл ақпаратты Дамеляның өзі ресми түрде растаған жоқ.
Ал Threads желісінде Мұраттың кім екені қызу талқыланып жатыр. Кей қолданушылар оны «олигарх», «мұнайшы» деп атап үлгерген. Бірақ бұл пікірлердің де әзірге нақты дәлелі жоқ.
Тойдың өзі де назардан тыс қалмады. Алматыдағы мерекелік кешке кәсіпкер Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова, сондай-ақ бірқатар депутаттар мен лауазымды тұлғалар келгені жазылды. Кеште Димаш Құдайберген мен A’Studio өнер көрсеткен.
Қызығы — Дәмеляның өзі бұл қуанышын әлеуметтік желі арқылы бөліскен жоқ. Керісінше, көпшіліктен алыстаған сәтінде оның жеке өміріне қатысты кадрлар желіге тарап кетті.
Бір кезде Instagram-сыз өмірді елестете алмайтын Дамеля Sweet енді мүлде басқа өмірдің парағын ашқан сияқты, деп хабарлайды baq-orda.kz.