Танымал әнші Daricorn ата-енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтып, енесі оны бірден қабылдай қоймағанын жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әншінің сөзінше, ата-енесімен арасында ерекше жақындық болмаған.
«Енем қабылдамады. Ондай тартылыс болмаған соң, мен тек сыйластықты сақтауға тырысамын», – деді Daricorn.
Сондай-ақ өнер иесі өзінің ерке өскенін айтып, соған қарамастан отбасындағы қарым-қатынасты дұрыс ұстауға күш салып жүргенін жеткізді.
Желі қолданушылары әншінің бұл мәлімдемесіне қатысты түрлі пікір білдіріп, келін мен ене арасындағы түсіністік тақырыбын талқылауда.