Желіде блогер әрі әнші Daricornның жаңа әнінен үзінді тарады. Әннің әуені мен орындау мәнері тыңдармандарға ерекше мұңды көңіл күй сыйлаған, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Композиция жарияланғаннан кейін желі қолданушылары әншінің эмоционалдық жағдайына алаңдай бастаған. Пікірлер арасында “Неге сонша мұңды?”, “Сұхбаттан кейін жағдайы дұрыс па?” деген жазбалар жиі кездесуде.
Көпшілік Daricorn-ның шығармашылығындағы өзгерісті қызу талқылап, жаңа әннің атмосферасы тыңдарманға қатты әсер еткенін айтуда. Кейбірі туындыны шынайы әрі сезімге толы деп бағаласа, енді бірі әншінің көңіл күйіне алаңдаушылық білдірген.