Әнші әрі блогер DariCorn жаңа әнін жарыққа шығарды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Жаңа туынды тыңдармандар арасында бірден талқыға түсті. Әсіресе желі қолданушылары ән мәтініндегі сезімге толы жолдарға назар аударған. Көпшілік бұл әнді DariCorn жолдасы Дархан Жолшыбековке арнаған болуы мүмкін деп болжауда.
Алайда әншінің өзі бұл туралы әзірге нақты пікір білдірмеді. Соған қарамастан, оқырмандар жаңа әннен шынайы эмоция мен махаббатты байқағандарын жазып жатыр.
Желіде тыңдармандар әнге жылы лебіздерін білдіріп, жаңа туындының тез таралып жатқанын айтуда.