Контентке өту

«Дауа жоқ қатын екенсің»: Индира Расылханға жазылған пікір жұртты шулатты

«Дауа жоқ қатын екенсің»: Индира Расылханға жазылған пікір жұртты шулатты
ашық дерек

Әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағына жауап беріп, өнерден ешқашан толық кетпегенін айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі өз парақшасында концертке дайындалып жатқанын жеткізіп, әншілікті тастау туралы ойы болмағанын атап өтті.

«Өнерім барда, жүрегім ән салып тұрғанда, қалай тастайын?» – деген әнші сахна оның өмірінің ажырамас бөлігі екенін жасырмады.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әншінің шығармашылығына қолдау білдірсе, енді бірі өткір пікірлер қалдырған. Әсіресе, оқырмандардың бірінің «Дауа жоқ қатын екенсің» деген жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Көпшілік арасында:
— «Өнер адамын түсіну керек»,
— «Әншінің сахнаға оралуында тұрған ештеңе жоқ»,
— «Артық пікір жазудың қажеті жоқ» деген қолдау пікірлер де көбейді.

Қазіргі таңда Индира Расылхан жайлы жазбалар мен пікірлер әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қызу талқыға түсіп жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты