Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеване Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов автокөлік тарту етті. Бұл ерекше сәт Абай облысы Қалбатау ауылында өткен ашық аспан астындағы гала-концерт кезінде орын алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Кеш барысында сахнада елге танымал өнер иелері өнер көрсетті. Атап айтқанда, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya көрерменге әннен шашу шашты.
Әлеуметтік желіде тараған видеода депутаттың сахна төрінде әншіге көлік кілтін табыстаған сәті қызу талқылануда. Жиналған көрермен бұл тосын сыйды зор ықыласпен қарсы алған.
Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева сахнадан уақытында кетудің маңызы туралы пікір білдірген еді. Өнер иесі жас ұлғайған сайын денсаулыққа байланысты бұрынғы деңгейде өнер көрсету қиындай түсетінін айтып, әр әртіс өз уақытын дұрыс бағалай білуі керектігін жеткізген болатын.