Контентке өту

Димаш Құдайберген күйеу баласының жаңа әніне қолдау білдірді

Димаш Құдайберген күйеу баласының жаңа әніне қолдау білдірді
ашық дерек

Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы Ермахан Аймахан тыңдармандарына жаңа әнінен үзінді ұсынды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесінің жаңа туындысы “Тағдырыма кел” деп аталады. Ән мәтініне қарап, көпшілік шығарманың Раушан Құдайбергенге арналғанын байқаған.

Әлі ресми түрде жарық көрмесе де, ән желі қолданушылары арасында қызу талқыланып үлгерді. Тыңдармандар туындының әсерлі екенін айтып, жылы пікірлерін жаудырған.

Жаңа әнге алғашқылардың бірі болып Димаштың өзі пікір білдіріп, күйеу баласына қолдау көрсетті. “Өте әдемі ән! Құтты болсын, алтындарым”, – деп жазды әнші.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты